Биыл Павлодар облысының жайылымдарының 80%-дан астамы сумен қамтамасыз етілді

Биыл «Қазсушар» филиалдары Павлодар облысының лимандары мен табиғи жайылымдарының 80%-дан астамына су жіберді. Айта кету керек, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш небәрі 30% болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Павлодар облысының тұрғындарымен кездесуде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.

Өңірде лиманды суару желілеріне ауқымды реконструкция жұмысы жүргізіліп жатыр. Келесі жылы аяқталатын бірінші кезеңде Май ауданында (14,6 мың га) Көлбай лиманды суару алабын және Баянауыл ауданының суару желілерін (6,7 мың га) жөндеу жоспарланып отыр. Жоба аясында барлығы 97 гидротехникалық және 132 су өткізу құрылысы жөнделеді.

Күрделі жөндеу өңірдің барлық лимандарын сумен қамтамасыз етіп қана қоймай, суды тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді. Қыркүйек айының соңында су тасқыны кезеңіне дайындалу үшін Ертіс өзенінің бойындағы Бұқтырма су қоймасынан су жіберуді бастаймыз. Бұл көктемде еріген қар суын қабылдауға және Ертіс өзенінің жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы