Биыл пара беру фактілері артқан – Данияр Бекайдаров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. AntikorNews алаңында өткен тікелей эфирде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров биыл пара беру фактілері бойынша істер саны артқанын айтты.

Биыл пара беру фактілері бойынша істер саны артты, бұған мемлекеттік қызметшілердің есеп беру жиілігінің артуы себеп болуы мүмкін.

Мысалы, 2021 жылдың 14 наурызында Ақтөбе қаласының №2 сотының 13.03.2021 жылғы үкімімен пара бергені үшін К. Маткаримовке пара сомасының 15 еселенген мөлшерінде айыппұл салынды, - деп айтты тергеуші.

Ол 2021 жылы 14 ақпанда «Самара-Шымкент» автомобиль жолында көлік бақылау инспекциясының жетекші маманына әкімшілік хаттама жасамағаны үшін 5 мың теңге сомасында пара берді деп күдіктенуде.

2021 жылы 230 адам сотталды, 46 адам пара алғаны үшін, 117 адам пара бергені үшін, 25 адам алаяқтық үшін, 15 адам ұрлық үшін, 17 адам лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін сотталды. Бас бостандығынан айыруға – 57 адам, бас бостандығын шектеуге – 23 адам, еселенген айыппұлдарға – 142 адам, қалғандары шартты мерзімдерге не мерзімін кейінге қалдыра отырып сотталған, - деп атап өтті Данияр Бекайдаров.

Оның мәліметінше, қосымша жазалау шаралары 261 адамға қатысты қолданылды. Оның ішінде 218 адам белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылды, 40 адам арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айырылды, 3 адам мүлкі тәркіленіп сотталды.

Бұған дейін жалға берілетін үйді бергені үшін пара алған әкімдік қызметкері ұсталғаны хабарланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы