Биыл Өскеменге жаңа трамвайлар әкелінеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығының трамвай паркі жаңа қоғамдық көліктермен толығады, деп хабарлайды Алтайньюс.
Бұл туралы 13 сәуірде өткен есептік кездесуде қала әкімі Жақсылық Омар мәлімдеді.
Қала басшысының айтуынша, биыл Мызы, Қазақстан және Сағадат Нұрмағамбетов көшелерінің бойымен өтетін трамвай жолдары мен байланыс желісін қайта құру және жаңарту жоспарланған. Сондай-ақ Қабанбай батыр көшесімен қиылысынан Үлбі көпіріне дейінгі учаскеде сыртқы жарықтандыру да реконструкциялау жүргізілетін болады.
Ағымдағы жылы трамвай паркінің жылжымалы құрамы бес жаңа трамваймен толықтырылады, – деді қала басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда ажырасу дерегі көбейіп барады
Өзгелердің жаңалығы