Биыл Өскеменде 9 экопункт ашылады

Былтыр облыс орталығы Өскеменде қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, сұранысқа ие шикізатқа айналдыратын алғашқы қоқыс сұрыптау зауыты іске қосылды. Бүгінгі таңда барлық қоқыс экологиялық заңнамаға сәйкес сұрыптау үдерісінен өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynewsқа сілтеме жасап.

Биыл қалада қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын бір экопункт ашылды. Алда мұндай тоғыз пункт пайда болады.

Болашақта Еуропаның қайта құру және даму банкінің қатысуымен қатты тұрмыстық қалдықтардың жаңа полигонын салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланып отыр. Бұл жобаны іске асыру қаланың маңызды мәселелерінің бірі – қолданыстағы полигонды рекультивациялау мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы