Биыл өңірлерде көмір тапшылығы болмайды – министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР өңірлері мен тұрғындарының коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне 8 млн тонна көмір тиелді. 

2020 жылғы 11 қарашадағы жағдай бойынша елдің коммуналдық-тұрмыстық секторының көмір қорымен қамтамасыз етілуі қысқы мерзімдегі жалпы қажеттіліктің 85,8%-ын, халықтың 83,9%-ын құрайды. Бұл - өткен жылыту маусымының ұқсас кезеңмен салыстырғанда көп.

Ақтөбе, Алматы, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарының және Алматы мен Шымкент қалаларының әкімдіктері коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмір жеткізуді толық қамтамасыз етті. Батыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктері халықтың қажеттіліктерін де толығымен жауып тастады.

Жергілікті атқарушы органдардың белсенді іс-қимылдарының, «ҚТЖ»ҰК» АҚ тасымалдарын уақтылы ұйымдастырудың, көмір өндіруші компаниялар мен жеткізушілердің үйлесімді жұмысының арқасында бюджеттік ұйымдар мен халық үшін көмір қоры елдің барлық өңірінде алдын ала жинақталған. Көмір тапшылығы болмайды, - деді ҚР ИИДМ Қара металлургия және көмір өнеркәсібі басқармасының басшысы Жанат Игісінов.

2020 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда 88 млн тонна көмір (көмір концентратын есептемегенде) өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға аз. Биыл жыл басынан бастап елдің ішкі нарығына жөнелтілді: ​

– энергия өндіруші кәсіпорындарға - 47,3 млн тонна көмір,​

– өнеркәсіптік кәсіпорындарға - 4,7 млн тонна көмір,

– коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа - 8 млн тонна көмір. Көмір экспорты шамамен 23,7 млн тоннаны құрады.

Анықтамалық:

Өңірлер бөлінісінде коммуналдық-тұрмыстық сектордың және халықтың қамтамасыз етілуі:

- Ақмола облысы (КТС – 61,2%, халқы – 80,9%);- Ақтөбе облысы (КТС – 100%, халқы – 66,6%);
- Алматы облысы (КТС – 100%, халқы – 89,8%);
- ШҚО (КТС – 100%, халқы – 99,8%);
- Жамбыл облысы (КТС – 100%, халқы-89%);
– БҚО (КТС – 103,6%, халқы-142,9%);
- Қарағанды облысы (КТС – 100%, халқы – 75%);
– Қостанай облысы (КТС – 100%, халқы-92,9%);
- Қызылорда облысы (КТС– 100%, халқы – 96%);
- Павлодар облысы (КТС – 100%, халқы-90,2%);
- СҚО (КТС – 82,7%, халқы – 81,1%);
- Түркістан облысы (КТС – 74%, халқы – 64%);
- Нұр-Сұлтан қаласы (халқы– 67,7%);
- Алматы қ. (КТС– 100%, халқы – 86,8%);
– Шымкент қ. (КТС – 100%, халқы-100%).

Батыс Қазақстан облысында өткен жылыту кезеңінен шамамен 1 мың тонна көмір  қалды және бұл жалпы көлемі 700 тоннаны құрайтын халықтың қажеттілігін толығымен жабады.

«Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК қоймасының сыйымдылығы бар болғаны 56 000 текше метрді құрайтындықтан, көмірдің барлық көлемін қабылдау мүмкін емес. Осылайша, тұтыну үшін көмір апта сайын және қажет болған жағдайда жеткізіледі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы