Биыл Нұр-Сұлтанда 11 мектептің құрылысы аяқталады
Бұл қосымша 23 мыңнан астам оқушы орнын ашуға мүмкіндік беретіндігін айтты ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайылов.
Соңғы жылдары жыл сайын 400 мыңға жуық бала дүниеге келеді. Олардың бәрі қазіргі таңда мектепке барып жатыр, ал мектептердің шамадан тыс жүктелуі байқалады. Сондықтан мектеп құрылысын республикалық бюджеттен қаржыландыруды ұлғайту жоспарланып отыр. Елорданың жаңа мектептерінде жарақтандырудың жоғары стандарттары қалыптасқан. Балаларға қолайлы жағдайда оқуға мүмкіндік беру үшін елімізде салынып жатқан басқа да білім мекемелерінде осы стандарттардың болғанын қалаймыз, – деді Премьер-министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 930 адам жұқтырған
Өзгелердің жаңалығы