Биыл неше оқушы 11-сыныпты бітіреді

Оқу-ағарту министрлігі 2023-2024 оқу жылының қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ОКҚ алаңында өткен брифингте Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева биыл қанша бала мектепті аяқтайтынын айтты.

Биылғы оқу жылын 22 мыңнан астам мектепке дейінгі, орта білім, техникалық және кәсіптік білім ошағы аяқтайды. Бұл ұйымдарда 5 млн-нан астам бала білім мен тәрбие алды, - деді вице-министр.

Сонымен қатар Жұмаділдаева атап өткендей, осы жылы 341 мыңнан астам түлек 9-сыныпты аяқтап, алдағы уақытта 10-сыныпты жалғастыру немесе колледжге түсу туралы шешім қабылдайды.

Биыл 11-сыныпты 186 мыңнан астам түлек бітіреді, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы