Министр биыл "Нұрлы жермен" қанша шаршы метр тұрғын үй салынатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың қантар-шілде айларында 106,3 пайызды құрады. Өсім өңірлерде құрылыс-монтаждау жұмыстарын қайта жаңғыртуға байланысты құрылыс көлемін арттыру есебінен қамтамасыз етіледі. 16 өңірде оң динамика байқалады. Тұрғын үй құрылысы саласындағы 7 айдың қорытындысында 6 млн 9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,5 пайыз көп, - деді ол.Министрдің айтуынша, республика бойынша барлығы 61 308 баспана пайдалануға берілген.
Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің артуы республиканың 15 өңірде тіркелген. Көпқабатты және жеке тұрғын үйлер салу көлемінің төмендеуі салдарынан Атырау және Түркістан облыстарында төмендеу байқалады. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Осы жоспарға қол жеткізу үшін өңірлерге сәуір айында әлеуметтік кредиттік тұрғын үйдің 15 мың пәтерінің құрылысына қосымша 180 млрд теңге бөлінді, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Машина жасау саласында өсу қарқыны байқалады
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы