Биыл мопедтердің қатысуымен 292 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Биыл Алматыда самокаттардың қатысуымен 25 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда 50 мыңнан астам мопед мен самокат бар. Соған сәйкес, жол-көлік оқиғалары да көбейген. Биыл самокаттардың қатысуымен 25 ЖКО тіркеліп, 2 адам қаза тауып, 27 адам жарақат алды.

ҚР Ішкі істер министрлігі бірқатар шаралар қабылдады. Атап айтқанда жас шектеулері белгіленді, қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалануға және жолаушыларды тасымалдауға талаптар қойылды. Осының арқасында жағдай біршама тұрақталды. Дегенмен қайғылы оқиғалар әлі де орын алуда. Күні кеше ғана самокат айдауға туысы рұқсат берген 13 жасар бала қайтыс болды. Қалаға жаңадан келген жасөспірім мегаполистегі көлік қозғалысына бейімделмеген. Салдарынан бала жүк көлігінің астында көз жұмды, – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров.

Полиция басшысы мопедтердің жұмысына байланысты сыни жағдайға да назар аударды. Биыл мопедтердің қатысуымен 292 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 14 адам қаза болса, былтыр екі адам көз жұмды.

Жоғарыда келтірілген статистика алаңдаушылық тудырады. Самокаттар мен мопедтерді пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылардың осал санаттарының бірі. Егер көлікте қауіпсіздік белдігі немесе қауіпсіздік жастығы болса, екі доңғалақты көліктердің жүргізушілері мен жолаушыларында қауіпсіздік қорғаулар жоқ. Сондықтан олардың қатысуымен болған әрбір апат қайғылы аяқталады. Жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Ата-ана өз баласының қауіпсіздігі үшін толық жауапкершілікті сезінуі қажет: қылмысқа немқұрайлылық танытпаңыз, балаңызды қорғаңыз, өз үлгіңізбен заңға құрметпен қарауды үйретіңіз, – деді Арыстанғани Заппаров.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы