Биыл мемлекеттік қызметшілерді дайындауға қанша грант бөлінді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл хабарлады. 

Оның айтуынша, мемлекеттік басқару академиясына құжаттар қабылданып жатыр. Сондай-ақ ол конкурстық іріктеу кезеңдері онлайн форматта өтетіндігін алға тартты. 

Осы жылдың 1 наурызынан бастап Академия 2022 жылға қабылдау науқанын бастады. Конкурстық іріктеу кезеңдері онлайн форматта өтетін болады. 2022 жылға Академия 10 магистрлік және 3 докторлық бағдарлама әзірледі. 6 магистрлік бағдарлама мемлекеттік тапсырыс шеңберінде, 4-уі – өз қаражаты есебінен негізгі кәсіби қызметін қоса атқара отырып, модульдік бағдарламалар, - деп атап өтті білім ордасының басшысы. 

Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметшілерді даярлауға қанша грант бөлінгеніне тоқталды. 

Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға барлығы магистратураға 120 грант және докторантураға 12 грант бөлінді. Сондай-ақ біздің серіктестеріміз халықаралық келісімдер аясында стипендиялар мен гранттар қарастыратынын атап өткен жөн, - деді Ерлан Әбіл. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы