Биыл мемлекеттік бюджетке 5 трлн теңге кіріс түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты.

Мемлекеттік бюджетке 5 трлн 832 млрд теңге сомасында кіріс түсті немесе жоспар 105,8%-ға атқарылды. Республикалық бюджетке 3,6 трлн теңге түсті немесе жоспар 100,1%-ға атқарылды. Жалпы кірістер бойынша жоспар 4 млрд теңгеге асыра орындалды, оның ішінде салықтар бойынша 3 млрд теңгеге атқарылмады, - деді Жамаубаев.

Ол атағандай, салықтар бойынша атқарылмаудың негізгі сомалары импортқа қосылған құн салығына, корпоративтік табыс салығына, мұнайға экспорттық кеден бажына және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салыққа тиесілі болды.

Импортқа қосылған құн салығы бойынша жоспардың орындалмауы Қазақстан Республикасының үшінші елдермен тауар айналымының 2020 жылдың 1-жартыжылдығымен салыстырғанда 1,7%-ға немесе 593 млн долларға төмендеуіне байланысты болды. Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 2021 жылғы қаңтар-шілдеде 744 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға азаюына байланысты, - деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы