Биыл мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталы іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдында есеп беру кездесуі кезінде айтылды.
Брифинг барысында ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған ұлттық жоспарын тілге тиек еткен министр онда бірқатар тұжырымдамалық тәсілдер нақты анықталғанын жеткізді.
Бірінші, отандық бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту, ақпарат саласын құқықтық реттеуді жетілдіру. Отандық БАҚ-тардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру шеңберінде отандық БАҚ-тарды мемлекеттік қолдау тәсілдері қайта қаралатын болады. Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты оның тиімділігі мен сапасын бағалауды енгізе отырып, республикалық және өңірлік деңгейде орналастырудың бірыңғай жүйесі құрылатын болады. Отандық баспа БАҚ-ты қолдау, цифрлық радиохабар мен интернет телевидениені дамыту, нишалық (бағыттық) телеарналар құру, ақпарат саласындағы мемлекеттік ұйымдарды оңтайландыру жөніндегі шаралар кешені іске асырылады, - деді ол.
Министрдің мәлімдеуінше, адами капиталды дамыту жөніндегі бағыт шеңберінде тәлімгерлік институтын дамыту, оқыту курстарын ұйымдастыру, БАҚ-тың жас қызметкерлері үшін гранттық бағдарламаны іске қосу жолымен білім беру бағдарламаларын жетілдіру және кәсіби даму арқылы БАҚ саласының кадрларын даярлау жүйесі қайта қаралмақ.
Ақпарат саласын құқықтық реттеу жөніндегі бағыт шеңберінде БАҚ саласын жетілдіруге, саланың жаңа субъектілерінің құқықтық мәртебесін айқындауға, жарнама бойынша БАҚ үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, телерадио хабарларын тарату саласындағы рәсімдерді жетілдіруге бағытталған заңнамалық шаралар іске асырылатын болады. Тұтастай алғанда, ұлттық жоспарды іске асыру отандық БАҚ-тың экономикалық дербестігін арттыруға және қоғам тарапынан тұтынушылық сұраныстың өсуіне ықпал етеді. Сондай-ақ, халықты мемлекеттік органдардың қызметі туралы сапалы ақпараттандыру мақсатында биыл біз мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталын іске қосамыз. Бұл өте маңызды қадам, әсіресе, қазіргі ақпарат ағынында азаматтардың сенімді дереккөздің өзінен нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жас ғалымдарды қаржыландыру 3 млрд теңгеге ұлғаяды – министр
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы