Биыл мектепте 1,7 млн оқушы тегін тамақпен қамтылады

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылына дайындықтың қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңа оқу жылында 1 қыркүйектен бастап 7,9 мың білім ұйымында 3,9 млн бала білім алады, оның 360 мыңы – бірінші сынып оқушылары. Бүгінде ақпарат бойынша өңірлердің оқулықтармен қамтамасыз етуі 90% жетіп отыр. Осы жылдың 25 тамызына дейін оқушыларды оқулықтармен толық қамтуды барлық өңірлер аяқтауға тиіс. Әкімдіктер тарапынан тегін тамақтандыруды ұйымдастыру үшін қажетті қаражат бөлініп отыр, – деді Оқу-ағарту министрі.

Министрдің сөзінше, биыл қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы тегін тамақтанатын болады.

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100 мың балаға артып отыр. Жыл сайын әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көмек көрсетіліп келеді. Биылда 510 мың баланы мектепке дайындалуға қажетті көмекпен қамту көзделген. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен қажетті қаржы қарастырылып отыр, – деді Ғани Бейсембаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы