Биыл мектеп бітіру кеші білім ордаларында өтеді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты.
Биыл мектеп бітірушілерге аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімі маусымның 16-17-не жоспарланған. Департамент башысының айтуынша, мектеп бітіру шараларының барлығы мектеп қабырғасында өткізіледі және ата-аналарға артық шығындалудың қажеті жоқ.
Мектеп бітіру кешін мектеп өз күшімен ұйымдастырады. Мереке агенттерін, ақылы артистерді, жеке студияларды шақыруға және мерекелік дастарханды ұйымдастыруға, жалға алынған автокөліктер мен экскурция болмайды. Сонымен қатар, мұғалімдерге, мектепке сыйлық алуға қатаң тиым салынады,-деді Ермекбаева.
Сонымен қатар ол биылдан бастап түлектерге ЖОО-ға грантқа түсу үшін ҰБЕ тапсыруға екі мүмкіндік берілетінін айтты. Түлектер екі мүмкіндіктің көмегімен тек мамандандырылған пәндердің бір комбинациясын таңдай алады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу 16 мамырда басталып, 5 шілдеде аяқталады. Осы уақыт аралығында өткен жылдардағы мектеп, колледж түлектері, шартты және қандастар қатысуға құқылы. Академиялық адалдықты сақтау үшін талапкерлердің тест нұсқасы таңбаланады. Ережелерді бұзған және тест тапсырмаларын аудиториядан тыс жерге шығаруға тырысқан жағдайда, Ұлттық тестілеу орталығы ереже бұзушыларды анықтап, оның тест нәтижелерін жояды. Пәндердің саны өзгеріссіз қалады. Ал тест тапсырмаларының саны – 120. Ең жоғарғы ұпай саны – 140,-деді ол.
Оның айтуынша, ерекше білім беруді қажет ететін талапкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін алғаш рет негізгі 240 минутқа қосымша тағы 40 минут берілген. Сонымен бірге олар үшін тест нұсқалары суреттерсіз, диаграммаларсыз және сызбаларсыз әзірленді.
ҰБТ кезінде компьютер экранында калькулятор, Менделеев кестесі және металдардың бірқатар белсенділігі қосылған тұздың ерігіштігі кестесі тағайындалады. Үміткерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат аппеляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады,-деді Гүлнар Ермекбаева.