Биыл Маңғыстауда 160 шақырымнан астам жол жаңартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл өңірде 14 автожол жобасы іске асырылуда. Жұмыстармен облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 161,5 шақырымы қамтылған. Бүгінге дейін соның 29 шақырымы жаңартылған.
Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 129 шақырым болатын 6 жолдың реконструкциясы іске асырылуда. Бұл облыстық және аудандық маңызы бар "Ақтау-Форт-Шевченко", "Хонда орталығынан Өмірзақ кентіне дейінгі жол", "Жыңғылды-Шайыр-Шерқала жері", "Шетпе – Қызан" автожолдары және Басқұдық ауылының айналасындағы автожол. Мұнда жер төсемін орнату және асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек, ұзындығы 32,5 шақырым болатын жергілікті желі учаскелерін орташа жөндеу бойынша 7 жоба жүзеге асырылуда: облыстық маңызы бар "С. Шапағатов ауылы - әуежай" автожолы және аудандық маңызы бар "Жаңаөзен әуежайына кіреберіс", "Жоғарғы Мұнайшы кентіне кіреберіс", "Жаңаөзен – Құланды", "Маңғышлақ ст.-Карьер-400", "Шайыр кентіне кіреберіс", "Қызылөзен ауылына кіреберіс" жолдары.
Маңғыстау облысындағы жергілікті желі жолдарының ұзындығы 1 942 шақырымды құрайды. Соның 94%-ы нормативтік жағдайда. Жыл қорытындысы бойынша аталған көрсеткішті 95%-ға жеткізу көзделген.