Биыл Маңғыстау облысында 9 мектеп іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Мұнайлы ауданына жұмыс сапарымен барды. Аймақ басшысы Батыр ауылында құрылысы жүріп жатқан 960 орындық мектептің құрылысымен танысып, аралап көрді. Заманауи үлгіде тұрғызылып жатқан білім ошағы жоспарға сәйкес тамыз айының соңында пайдалануға беріледі. Бүгінде құрылыс 100% аяқталып, ашылу мерзімі күтілуде.
Бұдан бөлек облыста жаңа оқу жылы қарсаңында Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында 600 орындық, Қарақия ауданы Жетібай ауылында 300 орындық бастауыш мектеп, Ақтау қаласында 3 мектеп іске қосылады. Ал жыл соңына дейін Ақтау қаласындағы 34 ш/а 1200 орындық, Шығыс-1 ш/а 300 орындық 2 мектеп пайдалануға беріледі. Осылайша, жыл жаңа оқу жылында барлығы 9 мектеп іске қосылады.
Жұмыс барысында аймақ басшысы Түпқараған ауданында құрылысы жүріп жатқан "Құс фабрикасына" барды. Жобаның инвестициялық құны – 6 млрд теңге. Қазір мұндағы құсты сою цехы 90 % дайын тұр. Қажетті құрал-жабдықтар Ираннан келді. Тиісті инфрақұрылым тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құс қоралары, әкімшілік ғимараттары мен гараж сынды 16 ғимараттан тұратын кәсіпорын құрылысы аяқталуға жақын. Жоспарға сай ферма ағымдағы жылдың қазан айында жұмысын бастамақ. Қазір құрылыс басында 60 адам, кәсіпорын іске қосылған соң 150 адам тұрақты жұмысқа орналасады. Фабрика бастапқыда 30 % жұмысты байтайды да, кезең-кезеңімен 100 % қуатта жұмысқа кіріседі.