Биыл Қызылорда – Жалағаш жолы жөнделеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл облыста ұзындығы 339 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдері және көшелер жөнделетін болады. Оған республикалық және облыстық бюджеттен 19 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тлеумбетов мәлімдеді, деп жазды inbusiness.kz.

 Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар арқылы да 10 362,0 млн теңге көлемінде инвестиция тартылған.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 33 жоба іске асырылады. Яғни биыл облыстық және аудандық маңызы бар жолдар жөнделіп, пайдалануға беріледі. Сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда – Жалағаш жолы жөндеуден өтеді. Елді мекендердің кіреберіс жолдарын дамыту және аудан орталықтарымен байланыстыру мақсатында Арал ауданының Жаңақұрылыс, Бекбауыл ауылдарына баратын жолдарды салу үшін жаңа жобалар жүзеге асырылады, – деді Мұрат Жолкелдіұлы.

Мұрат Тлеумбетовтің сөзінше, облыстық маңызы бар жол бойындағы бес апаттық жағдайдағы көпір жөнделеді.  Бұған қоса, Қазалы ауданы, Қарлан учаскесіне Сырдария өзені арқылы көпір салынады. Бүгінде жобалық-сметалық құжаты әзірленген, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Тиісті құжаттар дайын болғанда құрылыс жұмыстары басталмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы