Биыл күзде күн райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК ел бойынша қыркүйек-қараша айларына ауа райының консультативтік болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жылы және аз жауын-шашынды ауа райы қыркүйектің бірінші онкүндігінде ғана сақталады, содан кейін атмосфералық фронттардың жиі өзгеруі республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады. Жаңбыр, екпінді жел және ауа температурасының жиі ауытқуы күтіледі, ал солтүстік аймақтарда түнде 1-7°C дейін үсік жүреді.
Оңтүстік өңірлерде жоғары қысымды аймақтың әсерінен жауын-шашын нормадан аз болады деп болжанып отыр және температура фоны салыстырмалы түрде жылы болып қалады. Алайда, ай бойы ауа температурасы: түнде + 15 +23°С-тан +3 +10°С-қа дейін, ал күндіз+25 +35°С-тан +15 + 23°С-қа дейін біртіндеп төмендейді.
Қыркүйек айында ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1° жоғары болады, батыста, еліміздің қиыр шығысындағы және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда норма шамасында болжануда.
Қыркүйек айында жауын–шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында және нормадан көп болады деп болжанса, елдің оңтүстік аймақтарында нормадан аз болады деп болжанып отыр.
Қазан және қараша айларында күзден қысқа біртіндеп ауысады. Жалпы алғанда, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы алдағы жылдармен салыстырғанда әдеттегіден төмен болады, ал жауын-шашын мөлшері еліміздің барлық дерлік бөлігінде норма шамасында және нормадан көп болады деп болжануда. Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен орталығында, жауын-шашын нормадан аз күтілуде.