Биыл Қостанайда 29 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Тамара Данильчуктың айтуынша, 2021 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруға 17,3 млрд теңге бөлінген.

Бағалы қағаздарды сатып алу және республикалық бюджеттен қаржыландыру есебінен 30 тұрғын үй бойынша несиелік және жалға берілетін тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Оның жалпы ауданы 123 мың 967,3 шаршы метр, яғни 1863 пәтер. Бес үй «Юбилейный» шағын ауданында, тағы бес үй «Әуежайда», «Қонай» тұрғын үй массивінде салынуда. Бұл үйлердің барлығын осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр, әрине, егер қандай да бір қиындықтар туындамаса. Сонымен қатар, Қобыланды батыр даңғылында 108 пәтерлі бір үйдің құрылысы басталды, - деп атап өтті Тамара Данильчук.

Ол жоғарыда аталған үйлердің төртеуі жалға берілетінін айтты: біреуі «Қонайда», үшеуі «Юбилейный» шағын ауданында салынады.


Биылға жоспарланған құрылыс жұмыстары мұнымен тоқтамайды. «Қонай» және «Береке» шағын аудандарында 2022 жылы пайдалануға берілетін 20 үйдің іргетасы қалана бастады. Сонымен бірге, қазіргі таңда «Қонайдағы» жеке тұрғын үй құрылысының төрт жобасы сараптамада жатыр. Көлемі 90-нан 150 шаршы метрге дейінгі екі және бір қабатты үйлердің де қабырғасы осы жылы көтеріледі.

Жалпы, 2021-2024 жылдар аралығында «Береке» шағын ауданында 2553 пәтері бар 39 үй салынады, – деді қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Тамара Данильчук.

Қостанай қаласы әкімдігі мамандары хабарлағандай, осы аптада бірқатар пәтер кілттерін табыстау салтанатын өткізу белгіленіп отыр. Бұл жолы қоныс тойын тойлайтындар «Юбилейный» шағын ауданындағы №48 үйдің тұрғындары болмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы