Биыл Конституциялық Сотқа азаматтардан 1 452 өтініш келіп түсті
Азаматтар Конституциялық Сотқа жолдаған өз өтініштерінде жиі көтерген 5 мәселесі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы жылдың басынан бастап Конституциялық Сотқа азаматтардан 1 452 өтініш келіп түсті.
Азаматтар көтерген бес негізгі мәселе өтініштердің жалпы санының 76% құрады.
Өтініштердің 29%-ында (425) азаматтар НҚА немесе оның жекелеген ережелерін конституциялық емес деп тануды, олардың Конституцияға сәйкестігін тексеруді сұрады. Бұл мәселе конституциялық бақылау органының құзыретіне жатады.
Қалған бестікке кіретін мәселелер Конституциялық Соттың құзыретінен тыс.
Өтініштердің 22%-ы (314) жалпы юрисдикция соттарының шешімдерімен келіспеушілікке қатысты болды. Өтініш берушілер сот актілерінің күшін жоюды, тексеруді және қайта қарауды сұрады.
Өтініштердің 14%-ы (208) қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрау салуларға қатысты болды.
92 (6%) өтініш азаматтардың Конституциялық Сот судьяларының жеке қабылдау өткізуге қатысты болды.
66 (5%) өтініште субъектілер қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндіруді сұрады.
Өтініштерде қойылған барлық мәселелерге, соның ішінде Конституциялық Соттың құзыретіне жатпайтын мәселелерге де толық түсіндірмелер берілді. Конституциялық бақылау органына жүгіну тәртібі бойынша азаматтармен түсіндіру жұмыстары оффлайн және онлайн жүргізілетінін атап өтеміз.