Биыл колледж студенттері үшін 13 жатақхана ашу жоспарланып отыр

Қазақстанда жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2,5 мың орындық 13 жатақхана ашу жоспарлануда. Олардың 960 орындық 4 жатақханасы оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жаңа жатақханалар Талдықорған музыка колледжі, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі, Алматы құрылыс-монтаж колледжі, Алматы сән және дизайн колледжі жанынан ашылды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 1512 орындық 9 жатақхананы Шымкент қаласында, Ақмола, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында ашу жоспарлануда.

Осы шаралардың барлығы техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға және колледж студенттерінің өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған.

Атап өтерлігі, бүгінде ел бойынша колледж студенттерінің 85% - дан астамы жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы