Биыл Қарағандыда 33 мыңға жуық ағаш отырғызылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан халқының бірлігі күні Қарағандының екі ауданында ағаш отырғызу акциясы өтті. Екі демалыс күні қалада үш мыңға жуық көшет отырғызылуы тиіс. Ал ағымдағы жыл ішінде жасыл қорды 33 мың ағашпен толықтыру жоспарланып отыр.

Жаппай ағаш отырғызу акциясы Қазыбек би және Октябрь аудандарында өтті. Бүгін Оңтүстік-Шығыста 800 пирамидалық терек отырғызылды, Майқұдықта, Пришахтинскіде және Сұрыптау шағын аудандарында – шамамен 900 түп екті. Олар мамықсыз және жақсы тамыр алады. Сондай-ақ компаниялардың бірі өз еркімен қарағай отырғызды. Биыл біз 33 мыңға жуық ағаш отырғызып, қаланы көгалдандыруды жоспарлап отырмыз. Бұл – бюджет есебінен өтемдік отырғызу және қарағандылықтардың бастамасы. Біз барлық отырғызылған ағаштарды суаруды өз мойнымызға аламыз. Мердігер олармен тамыр жайғанша айналысатын болады, – деп атап өтті қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Қаланы көгалдандыру акциясына облыс және қала басшылары, өңірлік ҚХА мүшелері, еріктілер мен тұрғындар қатысты.

Ағаш отырғызу – ең пайдалы және қажетті акциялардың бірі деп есептейміз. Экологиялық іс-шараларға жастардың белсенді қатысқанын қалаймыз. Ал біз өз тарапымыздан ағаштарды суаруға көмектесетін боламыз, – деп уәде берді «Жас Отан» Жастар қанатының Қарағанды облыстық бөлімшесінің төрағасы Ержан Хамитов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы