Биыл қандай қылмыстардың азайғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде белгілі болды.

Бір апта ішінде 3 213 қылмыс жасалды, оның 2 158 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 38 тонау және 470 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді брифинг модераторы Шұғыла Тұрлыбек.

Сондай-ақ ол ІІМ-де ішкі істер органдары жұмысының қорытындысы шығарылған кеңейтілген алқа отырысы өткенін жеткізді.

Ауыр қылмыстар, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау, зорлау, ұрлық, мал ұрлығы, бұзақылық саны азайған. Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстар 40%-ға, мас күйінде жасалғандары 20%-ға төмендеген, қоғамдық орындарда және көшелердегі құқық бұзушылық саны үштен бірге қысқарған, - деді Тұрлыбек.

Оған қоса жыл басынан бері 2 тоннаға жуық есірткі, оның ішінде 41 кг синтетикалық есірткі тәркіленген. Оларды өндіру бойынша 10 есірткі зертханасы жойылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы