Биыл қандай автожолдардың құрылысы аяқталады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің онлайн отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтып берді.
Оның айтуынша, жыл соңында 768 шақырымдық Талдықорған - Өскемен жолын реконстуркциялауды толықтай аяқтау жоспарланып отыр.
Бұл Орта Азия республикаларын, Ресейдің Шығыс Сібір аймағымен Қазақстанның оңтүстігін, шығысын байланыстыратын халықаралық транзиттік дәліз. Осы автожолдың Алакөлдің туристік кластерін дамытуда маңызы зор екені атап өтті министр. Сонымен қатар, Қарағанды-Балқаш жолдарынның құрылысын аяқтау көзделген.
Елорда мен өңірлерді сәулелі принцип бойынша байланыстыратын жоғары жылдамдықты төрт жолақты автомагистраль құрылысы жалғасады. Көкшетау, Павлодар және Қарағанды бағытындағы жұмыстар аяқталды. Бүгінде жұмыстар Қарағанды - Қапшағай учаскесінде жүргізілуде. Жыл соңына дейін Балқашқа дейін, келесі жылы Қапшағайға дейінгі учаске пайдалануға беріліп, оңтүстік-орталық байланыс дәлізінің құрылысы аяқталады. Ақтөбе-Атырау-Астрахань бағытындағы жолында қайта жаңарту жұмыстары басталғанға дейін Ақтөбе мен Атырау қаласындағы жолдың нашарлығына байланысты Орал қаласы арқылы жүзеге асырыталытын болған. Биыл Қандыағаш- Мақат учаскесінде жұмыстарды аяқтап бүрыңғы бағыттағы қозғалысты ашу көзделген. Ал келесі жылы толық пайдалануға береміз. Түркістан, Жамбыл облыстарының көршілес мемлекеттермен байланысы Алматы қаласы арқылы жүзеге асырылатын Меркі -Бұрыл -Байтал автожолының әлеуметтік маңызы осыдан да зор. Ол Орталық Азия елдерімен транзитке әсер етеді. Биыл жолдағы негізгі жұмыстары аяқтап, қозғалысты ашуды жоспарлап отырмыз. Қазан айында Шамалған бекетіндегі жол құрылысы аяқталады. Бұл теміржол бекетіндегі жолдан өту қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Сонымен қатар Ұшарал-Достық, Қалбатау- Майқапшағай, Қостанай-Денисовка жолдарын кезең- кезеңімен аяқтаймыз , -деді ол.
Сонымен қатар Үкімет отырысында алдағы бес жылда көлік инфрақұрылымын дамытудың мақсаттары жөнінде баяндалды.
Бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын қылыптастыру үшін қызмет сапасы мен транзит жылдамдығын арттыратын жаңа инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасында Үкімет алдына жол инфрақұрылымын дамытудың басым міндеттерінде барлық жолды 100 пайыздық көрсеткіштке жеткізу міндеті жүктелген. Биылдан бастап барлық күш пен ресурс сол міндеттерді орындауға жұмылдырылады.
Елімізде автожолдардың жалпы ұзындығы 96 мың шақырым. Оның ішінде 25 мың шақырымы республикалық маңазы бар жолдар. 2021-2025 жылдар аралығында автожол саласында республикалық маңызы бар 12 мың шақырым автожол салынып, реконструкцияланады. Жыл сайын 200 мың адам жұмыспен қамтылады. Жыл қорытындысында 2200 шақырым автожолды пайдалануға беру, 1200 шақырым жолды ашу жоспарланған. 1100 км жолда кұрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Қазіргі таңда 15 автожол жобасы жүзеге асырылып отыр, -деді ол.
.