Биыл көмір тапшылығы болмайды – министрлік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сұраныс артатын қыркүйек-қараша айларында дүрлігуге жол бермеу мақсатында әкімдіктермен бірлесіп, халық үшін көмірді алдын ала сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР ИИДМ.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және өңірлер бөлінісінде ай сайынғы халық үшін көмір өнімінің қажеттілік жоспары қалыптастырылды. Жалпы, ҚР ИИДМ алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын және көмір тапшылығы күтілмейтінін атап өтті. Сұраныс артатын кезеңде (қыркүйек-қараша) дүрлігуге жол бермеу мақсатында әкімдіктермен бірлесіп, халық үшін көмірді алдын ала сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл оқу жылы басталғанға дейін шамамен 10 мың білім беру нысанын дайындау жоспарланған", делінеді Үкіметтің ресми сайтында.
Денсаулық сақтау нысандары мен тұрғын үйлерді жылу беру маусымына дайындауға ерекше назар аударылады. 6 мың денсаулық сақтау нысаны мен 47 мың тұрғын үйді дайындау жоспарланған.
Халықты жылумен және сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 10 мыңнан астам бірлік автономды қазандықтарды, шамамен 5 мың км жылумен жабдықтау желілерін және 13 мың сумен жабдықтау желілерін дайындау қажет. Сондай-ақ автономды қазандықтарды көмірмен және мазутпен қамтамасыз ету қажет.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ көмір разрезінен өңірлердің темір жол тұйықтарына дейін вагондарды уақытылы жеткізуді және көмірді тасымалдауды қамтамасыз етеді. Көмір дайындау бойынша мониторинг ҚР ИИДМ тұрақты бақылауына алынған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шарипованың чемпиондық жекпе-жегі Қазан қаласына ауыстырылды
Өзгелердің жаңалығы