Биыл кәмелетке толмаған балалар 2170 қылмыс жасаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жастарға көрсетілетін жыныстық сипаттағы қылмыстар 2015-2018 жылдар аралығында 40 пайызға төмендеген. Бұл туралы  ҚР ІІМ ӘПК ювеналды полиция басқармасының бастығы Әсет Оспанов Орталық коммуникация алаңында өткен баспасөз мәжілісінде айтты. 

Оның айтуынша, биыл кәмелетке толмаған балалар 2170 қылмыс жасаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9% төмен көрінеді. 

Оның көпшілігі мүлікке қатысты жасалған қылмыстар, ұрлау немесе күштеп тартып алу. Сонымен қатар, колонияда отырған балалар саны жыл сайын азайып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша колонияда отырған  жасөспірімдердің саны 30-дың маңында болған. Кәмелеттік жасқа толмағандар бүгінде тек ауыр қылмыс жасағанда ғана қамалады, - деді ол. 

Сондай-ақ, ол қылмыс әсіресе халық көп тұратын өңірлерде жоғары екенін, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан, Алматы қаласы, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысын атап өтті. 

Басқарма басшысы жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға көңіл бөлу қажетігін де айтты.

Өзін дамытумен айналысатын жастар ешқашан қылмысқа бармайды. Оның уақыты да болмайды. Қылмыс жасап, төбелес ұйымдастыратындар өздерін солай көрсеткісі келетіндер, яғни не істерлерін білмей жүргендер. Ата-ана баласына көңіл аударып, олардың немен айналысып жүргенін бақылауда ұстауы керек. Сондай-ақ, оның болашағы үшін түрлі үйірмелерге немесе пайдалы іспен айналысуына атсалысуы керек, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 2013-2018 жылдар аралығында қылмыс көлемі 3 есеге азайғандығын айтқан болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы