Биыл исатайлықтарға ауылшаруашылығы үшін 156 млн теңге субсидия берілді
Биыл исатайлықтарға ауылшаруашылығы үшін 156 млн теңге субсидия берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Биылғы 1 қарашадағы статистикалық мәліметке сәйкес ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 8 млрд. 904 млн. теңгені құраған. Асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын өсіретін 6 шаруашылық жұмыс жүргізіп отырса, онда 1 676 бас асыл тұқымды мал өсірілуде.
«ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына» сәйкес және шаруагерлерді қаржылай қолдау мақсатында аудан бойынша осы жылдың есепті мерзімінде мал бастарын асылдандыру, түрлендіру, асыл тұқымды мал бастарын сатып алғаны үшін 68 шаруашылыққа 60 млн 605 мың теңге және қысқы мал азығы шығындарына 42 шаруашылыққа 95 млн 577 мың теңге, жалпы сомасы 156 млн теңге субсидия төленді,- деді П.Хасанов.
Айта кетейік, биыл ауданда 5 491,6 тонна ет, 4 706,2 тонна сүт өндірілген.