Биыл халықаралық олимпиада жеңіпаздары мен жүлдегерлеріне сыйақы беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілішісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова айтты.
Балалар жылында алғаш рет жас спортшыларымыздың халықаралық спорт жарыстарына қатысуына республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, қазақстандық команда Франциядағы Дүниежүзілік гимназиадада 86 медаль жеңіп алып, 70 елдің ішінде Бразилия, Франциядан кейін 3–ші орынды иеленді, - деді Қаринова.
Спикердің атап өтуінше, бүгінде 2,4 млн оқушы қосымша білім алып жатыр. Биыл 270 мыңнан аса бала қосымша үйірмелер мен секциялармен қамтылады және жыл соңына дейін қамту көрсеткіші 5 пайызға ұлғайтылмақ.
Биыл қазақстандық олимпиадашыларға халықаралық 7 беделді олимпиадаға қатысуға 31 толық квота бөлінді, оларға шілде-тамыз айларында балалар қатысады. Алғаш рет республикалық қаражат есебінен осы халықаралық интеллектуалдық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтарға сыйақы беріледі, - деді вице-министр.
Сонымен қатар Шолпан Қаринова балалар жылы бастауыш сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамту 10 пайызға өскенін атап өтті.