Биыл гербицидтерге 40 млрд теңге субсидия бөлінді – АШМ өкілі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс мәлімдеді.
Оның айтуынша, 9 млн гектарға жуық жерде зиянды арамшөптердің бар-жоғы тексерілген.
Зиянды арамшөптер бойынша биыл тексеру алаңы 8,7 млн гектарды құрады (көктемгі-жазғы тексерулер – 4 008,261 мың га, жазғы-күзгі тексерулер – 4 355,179 мың га, күзгі тексерулер – 149,173 мың га, сондай-ақ канадалық арпа – 153,393 га және циклахен-109,372 га). Арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын 14,0 млн гектар алаңда жүргізілу жоспарланып отыр. 2022 жылы гербицидтерге бөлінген субсидияның 40 млрд теңге сомасы 24,7 млн гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті ведомство өкілі.
Сондай-ақ ол биыл қауіпті зиянкестердің таралуына болжамды айтып өтті.
Жалпы 2022 жылы аса қауіпті зиянды организмдер бойынша таралу көлемі 2,1 млн гектар алаңда болжам жасалды. Оның ішінде дәнді дақылдар аурулары 1,7 млн гектар, астықтың сұр көбелегі 221,9 мың гектар, гессен шыбыны 7 мың гектар, зиянды бақашыққа 19,7 мың гектар, астық қоңыздары 5,0 мың гектар, мақта көбелегі 29,7 мың гектар, өрмекші кене 24,2 мың гектар, колорадо қоңызы 305 гектар, саршұнақтар мен тышқан тәрізді кеміргіштер 30 гектарға таралуы әбден мүмкін, - деді Алмабек Марс.
Белгілі болғандай, пестицидтердің құнын 50%-ға 2,048 млрд теңге сомасында субсидиялау көзделген.
Бұл өңделген аумақты 1,8 млн га субсидиялауға мүмкіндік берді. Барлық осы объектілер бойынша республика аумағында жеткілікті мөлшерде және түрлі ассортиментте пестицидтердің қажетті мөлшері болғаны, өйткені республикада бүгінгі күні объектілердің барлық түрлері бойынша 1160 препарат тіркелген, - дейді ол.