Биыл газбен жабдықтау объектілеріне 103 тексеріс жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев газбен жабдықтау объектілеріне жүргізілген іс-шаралар туралы баяндап берді.

Айтуынша, қазіргі уақытта тұрғын үйлерде газ тұрмыстық баллондардың жиі жарылыстарына, газ-ауа қоспасының тұтануына байланысты газ жабдығын қауіпсіз пайдалану мәселесі өте өткір тұр.

Биыл 10 айда өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік инспекторлары газбен жабдықтау объектілеріне 103 тексеру, оның ішінде кесте негізінде ерекше тәртіп бойынша 66 тексеру және жоспардан тыс 37 тексеру жүргізді, нәтижелері бойынша 1 053 бұзушылық анықталды, - деді вице-министр.

Пішембаевтың баяндауынша, заңнама талаптарын бұзғаны үшін 13 жеке және 63 заңды тұлғаға қатысты 76 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Сонымен қатар жалпы сомасы 9 млн теңгеден астам айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы жылы министрліктің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері өңірлер әкімдіктерімен бірлесіп 953 аралау жүргізді. Бірлескен іс-шаралар барысында 2 мыңнан астам жадынама мен өзге де ақпараттық материалды халыққа және газ өткізетін кәсіпорындарға хабарлау және тарату ұйымдастырылды, - деп түсіндірді ТЖМ өкілі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы