Биыл Газада қанша адам қаза болғаны айтылды
Газа секторында 18 наурыздан бастап Израильдің қарқынды шабуылдары қайта басталғалы бері 1500-ден астам адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Палестина денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Министрліктің мәліметінше, 2023 жылғы 7 қазаннан бері Израиль әскерінің әрекетінен Газа секторында 50 800-ден астам адам қаза тауып, шамамен 116 мың адам жарақат алған.
18 наурыздан бері 1522 адам қаза тауып, 3834 адам жарақат алды, – делінген министрлік мәлімдемесінде.
Соңғы тәуліктің өзінде Газада кемінде 40 адам қаза тапқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы