Биыл еңбек демалысына шықпаймын – Шарлапаев

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев еңбек демалысына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі министрден “Бүгін отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді қолдау мәселесін қарап жатырсыздар. Осыған байланысты сұрайын дегенім, биыл жазда қай елде демалдыңыз?” деп сұрақ қойды.

Менде ешқандай демалыс болған жоқ. Қазір тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін қалпына келтіру, оларды баспанамен қамтамасыз ету үшін өңірлерге көп барып жүрмін. Сонымен осы жазда менде ешқандай демалыс болған жоқ. Жыл аяғына дейін ешқандай демалыс болмайды, – деді Шарлапаев Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: primeminister.kz
Өзгелердің жаңалығы