Биыл елордада 900-ден астам адам сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқиды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқытудан кейін олар өндіріс орындарына тұрақты жұмысқа орналаса алады немесе бизнес бастай алады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Әйелдер арасында ең танымал мамандықтар – шаштараз бен тігінші курстары, ал ерлер арасында - электрик, дәнекерлеуші, кран жүргізушісі, сантехник.Егер 2016 жылы бағдарлама бойынша 223 адам оқытылса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 913 адамды құрайды.
2018 жылдың қорытындысы бойынша оқып шыққандардың 70%-ы немесе 512 адам жұмысқа орналасқан.
«Егер біздің үміткеріміздің білімі жоқ болса немесе біліктілігі төмен болса, біз оған уақытша жұмысты немесе оның сұранысқа ие мамандықты алуы үшін оқытуды ұсынамыз. Оқудан кейін оған жұмысқа орналасуға көмектесеміз», - деді Жұмыспен қамту орталығының кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Азамат Байтасов.
Жұмыспен қамту орталығында жұмысы жоқ ретінде тіркелетін елордалық тұрғын оқытудан өту жөнінде шешім қабылдаса, оған еңбек нарығындағы сұранысқа ие 15 мамандықтың тізімі ұсынылады.
«Таңдалған мамандық бойынша оқыту оқу орталығында немесе жұмыс берушінің кәсіптік білім беру мекемесінде бір айдан үш айға дейінгі мерзімді қамтиды. Тәжірибе көрсеткендей, оқуға үш ай жеткілікті. Оқу кезінде стипендия түрінде төленетін қаржылық көмек айына 16 759 теңгені құрайды», – деп түсіндірді ол.
Ол сондай-ақ, топтардағы орындардың шектеулі екенін айтты. Егер таңдалған мамандық бойынша орын жоқ болса, онда жұмыссыздарға басқа мамандықты таңдауға немесе оларды резервке қосу ұсынылады.
«Оқудан кейін біздің түлектерге мемлекеттік біліктілік туралы куәлік беріледі. Содан кейін түлектердің жұмысқа орналасу немесе өз ісін бастау мүмкіндігі бар болады. Егер ол соңғы нұсқаны таңдаса, біз оны мемлекеттік гранттар бағдарламасына қатысуға шақырамыз. Осылайша, курсты оқып шыққан адам 100 АЕК көлемінде 252,5 мың теңге сомасында грантқа өтініш бере алады. Бұл қажетті жабдықтар мен құралдарды сатып алу үшін бастапқы капитал», - деді Байтасов.
2018 жылдың қорытындысы бойынша оқытудан өткен 733 адамның, 95-і грант алуға ниет білдірді, ал 77 адам бизнес жоспарын қорғап шығып, грант алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Головкиннің бапкері келісімшартты бұзуының себебін айтты
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы