Биыл елордада 100 мың ағаш көшеті отырғызылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада көктемгі гүл отырғызу жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

  

Қаланы көріктендіру мен абаттандыру жұмысына орай, Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев "Жасыл жер" ЖШС және "Астана-Зеленстрой" ЖШС жылыжайларына барды.

Көгалдандыру және абаттандыру жоспары аясында ағымдағы жылы елордада гүлзарлардағы гүлдер санын 6 млн данаға дейін ұлғайту жоспарлануда. Осы жұмыстарды жүргізу үшін қала көшелері, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер ретке келтіріледі. "Астана-Зеленстрой" мен "Жасыл жер" компанияларының жылыжайларында бүгінге дейін 4,5 млн-нан астам гүл өсірілген.

Алтынбек Қайсағалиевтің айтуынша, барлық тұқымдар стандарттарға сәйкестігі бойынша зертханалық зерттеулерден өтеді. Қала әкімінің орынбасары "Астана-Зеленстрой" ЖШС-нің орман питомнигінде болып, жағдайымен танысты. 350 га жерді алатын питомникте 60 түр бойынша 300 мыңнан астам көшет өсірілуде.

Биыл көшеттерді жаппай отырғызуды жалғастыратын боламыз. Алуан түрлі ағаштың 100 мыңын егу жоспарланған. Қазіргі уақытта отырғызу орындарын дайындау жүргізілуде. Сондай-ақ, елорда көшелерінде, саябақтар мен тынымбақтарда қоқыстарды жинау бойынша экологиялық іс-шаралар жүргізілетін болады. Елорданың ландшафтық дизайнын жақсарту бойынша, оның ішінде бірегей флористикалық шешімдер арқылы жұмыстар жүргізілуде, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы