Биыл еліміздегі ауылдардың 85 пайыздан астамы ауыз сумен қамтылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл елімізде ауыл халқының 87% астамын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен тиімді қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бұл мақсатқа биыл республикалық бюджеттен 111,5 млрд.теңге бөлу көзделген. Ол қаражат 316 жобаны іске асыруға жұмсалады. Нәтижесінде халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі қалаларда 97,5% жетіп, 10,53 млн. адамды қамтиды. Ал ауылдық жерлерде 87,7% немесе 6,84 млн. адамға жеткізу жоспарланған. Қалалардағы ағынды суларды тазарту деңгейі 74,9% жетеді - делінген хабарламада.
Осы орайда еске сала кетейік, 2019 жылы бұл бағытта 404 жоба іске асырылып, 4078 ауыл сумен қамтылды.
Қазіргі уақытта республика бойынша ауыз суға қолжетімділік көрсеткішікі 92,6% құрайды.