Биыл елімізде қанша тұрғын үй салынатыны белгілі болды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов 2024 жылы неше пәтер салынатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл кемінде 18 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Президенттің тапсырмасы бойынша Отбасы банкінің жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары іске қосылды, - деді Үкімет басшысы.
Бектенов атап өткендей, Отбасы банк “Отау” және “Наурыз” жаңа бағдарламалары бойынша 64 мың адамнан өтінімдер қабылдады.
“Самұрық-Қазына” арқылы 222 млрд теңге жалға берілетін тұрғын үй құрылысына бағытталады. Белгіленген кестеге сәйкес ол уақтылы бөлінеді, – деп атап өтті Үкімет басшысы Олжас Бектенов Парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы