Биыл елімізде өрттен 250-ден астам адам қайтыс болған

Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма бастығы Ерлан Төрегелдиев хабарлады. Оның айтуынша, биыл жыл басынан бері елімізде 7 515 өрт тіркелген.

Өрт кезінде 1 018 адам құтқарылған. Алайда, өкінішке қарай, тілсіз жау 251 адамның өмірін жалғаған.

251 адам қайтыс болды, 217 адам түрлі дәрежедегі күйік алды және уланды. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жалпы өрт саны 7%-ға төмендеген кезде қаза тапқандар саны 20%-ға, жарақат алғандар саны 18%-ға өсті, - деп атап өтті Өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма бастығы.

Айта кететін жайт, тұрғын үй секторында 4 300-ден астам өрт болған. Бұл олардың жалпы санының 58%-ын құрайды.

Өткен жылыту кезеңінде өрт санының 9%-ға өсуі байқалады. Салыстыра кету үшін айтатын болсақ, 2019–2020 жылдары – 5 001, 2020-2021 жылдары –5 462 жағдай орын алған. Өрттен адамдардың қаза болуы 24%-ды құрады, улы газбен уланудан қаза болғандар (табиғи газбен пешпен жылыту ережелерін бұзу салдарынан) 36%-ға тең, - деді Ерлан Төрегелдиев.

Сонымен қатар соңғы 2 жылда атқарылған жұмыстар халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде болған өрт санының айтарлықтай төмендеген. Атап айтқанда, 18-ден астам есеге азайған.

Мәселен, егер 2019-2020 жылдардағы жылу беру кезеңінде аталған санаттағы үйлерде 354 өрт болса, 2020-2021 жылдардағы өткен жылу беру кезеңінде барлығы 19 өрт тіркелген.

Сонымен қатар тұрғын үй секторында өрт туындамай, қатты отынмен жылыту пештерін пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан улы газбен уланудан адамдардың қайтыс болуы көрсеткіштері 28%-ға төмендегені байқалады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы