Биыл елімізде құны 1,2 трлн теңгені құрайтын жоба іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов хабарлады. 

Оның айтуынша, Индустрияландыру картасы аясында құны 1,2 трлн теңгені құрайтын 128 жоба іске қосылады.

Биыл 1,2 трлн теңге сомасына Индустрияландыру картасының 128 жобасын іске қосу жоспарланған. Бұл өндіріс көлемін 1 трлн теңгеге, экспорт көлемін 800 млн долларға арттыруға, азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі, металлургия, машина жасау, энергетика және жеңіл өнеркәсіп сияқты салаларда шамамен 12 мың жұмыс орнын құруға жол ашады, - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Индустрияландыру картасының биылғы жылғы ең маңызды жобалары — Жәйрем ТКБК жаңғырту және байыту фабрикасын салу болып отыр. Айта кететін жайт, 145 млрд теңгені құрайтын 381 жұмыс орны пайдалануға берілді. 396 млрд теңгеге Ақтоғай ТКБК қайта өңдеу қуатын кеңейту (700 жұмыс орны) жоспарланған.

Жобаларды іске қосу бойынша оң динамика Қарағанды, Алматы облыстарында және Шымкент қаласында байқалады. Мысалы, аталған өңірлерде автобустар мен арнайы техника, полиэтилен құбырлары, тігін, медицина, резеңке және пластик бұйымдары, алкогольсіз сусындар, бутил эфирі мен полипропилен метил-трет өндірісі, Шелек дәлізіндегі ЖЭС II кезегі, байыту фабрикасын салу және т.б. жобалар енгізілді, - деп атап өтті Бейбіт Атамқұлов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы