Биыл елімізде 87 млн тоннадан аса мұнай өндіріледі – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Болат Ақшолақов айтты.

2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 85,9 млн тоннаны, мұнай экспорты 67,6 млн тоннаны құрады. Мұнай өндірудің 2022 жылға арналған жоспары - 87,5 млн тонна, экспорт бойынша 69 млн тонна құрайды, - деп айтты министр.

Оның сөзінше, Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған үш ірі мұнай-газ жобасы еліміздің мұнай өндіру көшбасшылары болып қалып отыр.

Теңіз жобасында 2021 жылы мұнай өндіру 26,5 млн тоннаны, газ өндіру көлемі 14,5 млрд текше метрді құрады. Кен орнында құны 45,2 млрд АҚШ долларын құрайтын Келешекте кеңейту жобасы іске асырылуда, бұл мұнай өндіруді жылына 12 млн тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Болат Ақшолақов.

Айтуынша, 2021 жылдың қорытындысына сәйкес жоба бойынша жұмыстардың жалпы ілгерілеуі 89%-ды, 2022 жылға арналған жоспар 97,4%-ды құрады, жобаны 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы