Биыл елімізде 300-ден астам адам суға кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің басқарма бастығы Қанат Тұрысбаев хабарлады. 

Оның айтуынша, шомылу маусымы кезеңінде адамдар су айдындарында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаған.

Оның ішінде, 95 адам – кәмелет жасына толмағандар көрінеді.

ТЖМ және мемлекеттік органдар қабылдап жатқан шараларға қарамастан, шомылу маусымы кезеңінде су айдындарында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан, 319 адам, оның ішінде 95 кәмелетке толмағандар суға кетті, - деді Қанат Тұрысбаев.
Айта кететін жайт, шомылу маусымында ТЖМ құтқарушылары 328 адамды, оның ішінде 61 баланы құтқарған. Ал су айдындарында балалардың қаза болу жағдайларының 82%-ында балалар ата-аналарының қарауынсыз болған көрінеді.

Суға батып қайтыс болғандардың саны бойынша Алматы облысы көш бастап тұр – 45 адам, оның ішінде, 12-і – бала. Шығыс Қазақстан облысында 36 адам суға кеткен, оның 10-ы – балалар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы