Биыл елімізде 15,1 млн шаршы метр тұрғын үй салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.
Тұрғын үй жобалары мен жеңілдетілген несиеге 492 млрд теңге бағытталады. Инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға 1,4 трлн теңге бөлінеді.
Сонымен қатар министр елде құрылыс материалдарының бағасы тұрақталғаны байқалатынын мәлімдеді. Арматура бағасы 3 процентке, газ блогы 3 және шыны 17,6 процентке төмендеген.
Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб бизнес қоғамдастықпен бірлесіп мемлекеттік сатып алу және коммерциялық тұрғын үйді дамыту шараларын пысықтап жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өскеменде қару-жарақ арсеналы тәркіленді
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы