15 Наурыз 2024 2024, 18:40 Фото: ҚТЖ

Биыл елімізде 1400 шақырым темір жол жөнделеді

ҚТЖ теміржол магистралін жоспарлы күрделі жөндеуге кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚТЖ теміржол магистралін жоспарлы күрделі жөндеуге кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жолды жаңғырту оңтүстік өңірде Арыс-1 – Талдықұдық – Шағыр аралығында басталды. Наурыз айының соңына дейін Аққұм – Талап (Қызылорда облысы) және 15 Рзд.– Ақ-Қыстау – Бақсай рзд. (Атырауская область) аралықтарында жұмыстар басталады.

2024 жылы барлығы 570 шақырымнан астам теміржол күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ, жолды орташа жөндеуді күшейту, рельсті тіректер мен рельсті жолдарды үздіксіз ауыстыру қарастырылған. Жалпы, жөндеудің барлық түрлерімен 1400 км теміржол төсемі қамтылатын болады, - делінген ҚТЖ таратқан ақпаратта.

Жұмыстардың үлкен көлемі Ақтоғай – Семей – Алтай (153 км), Шу – Қандыағаш (266 км), Қандыағаш – Ақсарай (138 км), Астана – Алматы (260 км), Алматы – Павлодар (106 км), Жаңа – Есіл – Көкшетау (161 км) учаскелерінде жоспарланған.

2029 жылға дейін ҚТЖ 11 мың шақырым теміржол учаскелерін жөндеуді жоспарлап отыр.