Биыл еліміз қандай спорттық жарыстарға қатысады
Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Наурыз айының 2-12 аралығында Түркияның Эрзурум қаласында XХ қысқы Сурдлимпиада ойындары өтеді. Ол жарысқа 3 спорт түрінен 30 жуық спортшы қатысады. Сонымен қатар 25 маусым мен 7 шілде аралығында Саха Республикасында сегізінші жазғы «Азия балалары» ойындары өтеді.
Биылғы ең басты дода - 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Францияның Париж қаласында өтетін жазғы Олимпиада. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 аса спортшы 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазіргі уақытта спорттың 8 түрінен 17 жолдама бар. Маусым айына дейін спортшыларымыз 90 жуық іріктеу, лицензиялық және рейтингтік жарыстарға қатысып, жолдамалар жеңіп алады деген ойдамыз, - деді Айгүл Бектенова.
Сонымен қатар 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Францияда жазғы Паралимпиада ойындары өтеді. Қазіргі уақытта 5 жолдама бар. Бұдан бөлек, биыл Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Иранның Тегеран қаласында Азия-Тынық мұхиты ойындары, Қазақстанда 6 әлем чемпионаты және 7 Азия чемпионаты өтеді.