Сумен қамту жүйелерін салу мен реконструкциялауға 151 млрд теңге көзделген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов хабарлады.

Оның айтуынша, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы шеңберінде 2021-2025 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 498 млрд теңге бөлінетін көрінеді.

Оның ішінде ауылдық елді мекендерге 261 млрд теңге бөлу көзделуде.

Ағымдағы жылы сумен қамту және су бұру жүйелерін салу мен реконструкциялауға 151,4 млрд теңге, оның ішінде: қалаларда – 77,3 млрд теңге, ауылдарда – 74,1 млрд теңге бөлу көзделген, - деп атап өтті комитет төрағасының орынбасары.

2021 жылдың қорытындысы бойынша ел халқының 95%-ын сапалы сумен қамту жоспарланып отыр. Қалада – 98%, ауылда – 91,8%-ға дейін сумен қамтылады деген болжам бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы