Биыл электронды үкімет порталының құрылғанына 17 жыл толды

Биыл E.Gov порталының құрылғанына 17 жыл, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы уақытқа дейін 400 млн-нан астап қызмет көрсетіп үлгерген электронды үкімет порталына тағы бір қосымша іске қосылды.

Осыдан 17 жыл бұрын электронды үкімет құру жолында ауқымды жұмыстар атқардық. Орасан зор жетістіктерге жеттік деп айтуға толық негіз бар. Сол кезде мемлекеттік қызметтерді санаулы минуттарда үйден алуға болатынын елестету қиын болатын. Ал бүгін осы мақсаттарға іс жүзінде қол жеткізіп отырмыз, - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.

Бұған дейін жаңадан қосылған «цифрлық нотариат» жобасы арқылы 30 адамның сенімхат алғанын айтқан едік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ortcom.kz
Өзгелердің жаңалығы