Биыл елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы өзендердің көпшілігінде су аз болады – Мырзағалиев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығына арналған Үкімет отырысы барысында Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өзен бассейндерінде қалыптасқан гидрометеорологиялық жағдай жөнінде баяндама жасады.
10 ақпандағы мәлімет бойынша Қазақстанның жазық жерлерінде қардағы ылғал қоры - Ақмола облысының Шағалалы өзені алабында қар қоры көпжылдық орташа мәннен 29%-ға жоғары. Солтүстік Қазақстан облысының Есіл өзені, Ақмола облысының Селеті өзені және Қостанай облысының Тоғызақ өзені алаптарында бұл көрсеткіш көпжылдық орташа мәннің шамасында, - деді ол.
Министрдің айтуынша, еліміздің жазық жерінің басым бөлігінде қардағы ылғал қоры көпжылдық орташа мәннен төмен.
Ақмола және Қарағанды облыстарында бұл көрсеткіш 7%-дан 39%-ға дейін, Қостанай облысында - 24%-дан 52%-ға дейін, еліміздің батыс өңірлерінде - 20%-дан 78%-ға дейін төмен көрсеткіш тіркеліп отыр. Осыған байланысты еліміздің жазық аумақтарындағы өзендердің басым бөлігінде су нормадан төмен болады деп күтілуде, - деді ол.
Мағзұм Мырзағалиев күзгі топырақ ылғалдылығын да ескерген жөн екенін айтты. Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзен алаптарында аталған көрсеткіш орташа жылдық мәндерден 9%-дан елу 50%-ға дейін жоғары. Ал басқа аймақтарда бұл көрсеткіш орташа жылдық мәндерден 14%-дан 78%-ға дейін төмен.
Топырақтың қату деңгейі ағымдағы жылы Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында орташа алғанда 16 сантиметрден 143 сантиметр аралығында жатыр. Қар қорының жинақталу кезеңі наурыз айында әлі де жалғасады. Күн күрт жылынған жағдайда жазық өңірлерде еріген қардан су қалыптасып, кей аймақтарда су басу орын алуы мүмкін, - деді ол.
Министр республиканың таулы аймақтарында қар қорына да тоқталды. Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысының Бұқтырма су қоймасы аумағында қар қоры жылдық орташа мәндерден 26%-дан 49%-ға дейін төмендеген.
Ертіс өзенінің сол жақ саласында аталған көрсеткіш орташа көп жылдық мәндердің шегінде. Жамбыл және Түркістан облыстарының тауларында қар қоры орташа көпжылдық мәндерден 40%-дан 82%-ға дейін, ал Алматы облысының тауларында – 25%-дан елу алты 56%-ға аз. Сонымен қатар көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан аумағында қар қоры орташа көп жылдық мәндерден 30%-дан 60%-ға аз екенін айта кету керек. Бұл дегеніміз, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы өзендердің көпшілігінде биыл су аз болады, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша қосымша шаралар ұсынылды
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы