Биыл елдің батысындағы республикалық күре жолдарға 350 мың тонна асфальт төселді
Биыл Батыс Қазақстан өңіріндегі республикалық күре жолдарға 350 мың тонна асфальт төселді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Бірқатар мәселеге қарамастан, жалпы алғанда, биылғ құрылыс-монтаждау жұмыстары былтырмен салыстырғанда ілгерілеу байқалады. Мәселен, құрылыс жұмыстарына жұмылдырылған арнайы техника мен маман саны екі есе артты. Қазір екі нысанда 700 маман еңбектеніп, 600 бірлік арнайы техника жұмыс істеп тұр. Жол қызметкерлерінің 90 пайызы жергілікті тұрғындар. Сонымен қатар, 4 асфальтбетон зауыты жұмылдырылды. Егер өткен жылы шамамен 41 шақырым асфальт төселген болса, биыл мердігер ұйымдар 75 шақырым асфальт төседі. Аталған күре жолдардың 122 шақырымында қозғалыс қамтамасыз етіп отыр, - деп атап өтті Қазбек Мәмбетов.
Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» «ҰК» АҚ БҚОФ басшысы «Подстепное-Федоровка» республикалық трассасын жөндейтін мердігер ұйымдар анықталғанын атап өтті.
Ал орташа жөндеу жұмыстарымен республикалық маңыздағы 110 шақырым жол қамтылды. Жалпы биылғы жылы Батыс Қазақстан өңіріндегі республикалық күре жолдарға 350 мың тонна асфальт төселді.