Биыл елдегі мектептердің 80%-ы жылдам интернетпен қамтылады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орта білім беру ұйымдарын жылдам және тұрақты интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл интернетпен қамту 65%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылады.
Бастама оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған.
Мектептерде жоғары жылдамдықты интернетті қамтамасыз етудің бірнеше маңызды артықшылықтары бар. Біріншіден, бұл оқушылар мен мұғалімдерге үлкен көлемдегі ақпарат пен білім беру ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді, оқу процесі мен ой-өрісті кеңейтуге ықпал етеді. Екіншіден, жылдам интернет түрлі онлайн-платформалар арқылы басқа мектептермен және білім беру мекемелерімен өзара іс - қимыл жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, коммуникацияны дамытуға және тәжірибе алмасуға ықпал етеді, - деп атап өтті цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.
Айта кетейік, министрлік қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту, желілік қамтуды кеңейту, деректерді беру жылдамдығын арттыру және шалғай және халқы аз аудандарда интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету сияқты түрлі шараларды жоспарлап отыр.