Биыл елде қант қызылшасының егіс алқабы ұлғаяды

Өңірлерде көктемгі дала жұмысы қызу жүріп жатыр. Бүгінге дейін 13 млн гектар жерге дән себілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барлығы 23 млн гектарға егін егіледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.

Биыл диқандар қант қызылшасы алқабын ұлғайтады. Сондай-ақ егістікте дәнді-бұршақты және жем-шөп дақылдары көбейеді. Шаруашылықтар мемлекеттен 12 млрд теңгеге жуық субсидия алады.

Сонымен қатар биыл егістікке 419 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 мың тоннаға артық.

Дизель отынына шекті жол берілетін бағаның ұлғаюына қарамастан, АШТӨ үшін баға операторлардың шығыстарын ескере отырып өзгерген жоқ, орташа баға литріне 204 теңгені құрайды. Бұл нарықтық бағадан 31%-ке арзан. Министрлік тарапынан өңірлерге дизель отынын тиеп-жөнелту бойынша мәселе жоқ, 366,6 мың тоннадан астам немесе жоспарланған көлемнің 88%-і жөнелтілді, - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы