Биыл елде орман мен дала өрті жиі болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидрометтің» болжамынша, республиканың оңтүстік, шығыс және батыс аумағын құрғақшылық қысып, температура 40 градусқа дейін жетуі ықтимал. Ал жауын-шашын аз түседі дейді синоптиктер. Мұның бәрі орман қорындағы өрт қаупін едәуір арттырады, деп хабарлады «Хабар 24».  Жалпы жыл сайын орман мен далада сегіз жүзге жуық өрт тіркеледі. 

Табиғи өрттердің туындау қаупін төмендету мақсатында азаматтардан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды сұраймыз. Жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастауға жол бермеу, орман және дала алқаптарында от жағуға жол бермеу, табиғатта болғаннан кейін, шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып жүру керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті шоғырландырып, өртеп жіберуі мүмкін, – дейді ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы